Бұрын жасау қалай жиналатын?
Ертерек қамдану керегін білдіретін «Жасауды алты жастан жинасаң – асады, жеті жастан жинасаң – жетеді» деген тәмсіл бар.
Қыз жасауына киім-кешек, үйдің керек-жарағы, ыдыс-аяқ пен көрпе-жастық беріледі. Ауқатты отбасылар тіпті отау беріп, мал қосатын. Үй жасауы мен көрпе-жастықты қыздың анасы, жеңгелері қолдан тігетін, сондықтан әр бұйым баға жетпес, ананың алақанының жылуы сіңген құнды затқа баланатын.
Қыздың киім-кешегі сандыққа салынып, үстіне жүгі жиылып, ең төбесіне зер тігіліп, асыл тастар мен күміс теңгелер қадалған сәукеле қойылатын. Қыз ұзатылып кеткеннен кейін төркіні артынан жасауын апарып, ырымын жасап, құда-құдағиға киіт кигізіп, бар рәсімін орындайтын.
Бұрынғы заманда, қыз балалар ерте ұзатылып кететін кезде, анасы қызы дүниеге келгеннен-ақ оның жасауын жинай бастайтын.
Оспанова Бақыт Ахметкалиқызы
Автор книг о казахских народных традициях, общественный деятель
Книга «Қош келдің, Әз-Наурыз!», гран-при «Международной Евразийской книжной выставки-2023» г.Астана и 1 место Международной книжной выставки стран СНГ «Искусство книги-2023», г.Москва.