Сырға салу

Қазақ халқының қызды ұзатуға дайындау салтында атқарылатын жоралғылар

 «Сырға салу» деген не?

Әйелдің отбасы мен қоғамдағы орны мен жөні маңызды екенін көрсететін бұл жоралғы қазақ мәдениеті мен дәстүрінің маңызды бір бөлшегі болатын. Сырға салуға дайындық қалыңдыққа тағылатын сырғаны таңдау, құда-құдағиларға киілетін киіт жинау, туған-туыс ортасында рәсімді өткізу сынды сатылардан тұрады. Отбасының ішінде қалыптасқан дәстүрлерге қарай ерекшеліктер болғанымен, негізгі ғұрыптар бар жерде бірдей болып келеді.
Оң жақта отырған қыздың әне-міне өзге әулеттің босағасын аттап, келін болуға дайындалып жүргенін білдіретін жоралғы.
Оспанова Бақыт Ахметкалиқызы
Автор книг о казахских народных традициях, общественный деятель
Книга «Қош келдің, Әз-Наурыз!», гран-при «Международной Евразийской книжной выставки-2023» г.Астана и 1 место Международной книжной выставки стран СНГ «Искусство книги-2023», г.Москва.
Wishlist
Сырға
1 432 000 тг.
Ақ алтын, топаз, гауһар
Сырға
823 150 тг.
Сары алтын, гауһар
Сырға
981 700 тг.
Ақ алтын, гауһар, меруерт
Сырға
1 404 650 тг.
Сары алтын, гауһар

Жоралғы қалай өтеді?

Қыз алатын жақ болашақ келініне сырға салу үшін құда түсіп барады. Қыз беретін жақ құда түсіп келгендерді қонақ қылып, артынан екі жақ сый-сыяпат алмасып, күйеу жігіттің анасы болашақ келінінің құлағына сырға салады. Қызды алып шыққан екі жеңгесіне көрімдік есебінде сый беріледі, өзге туыстарына киіт жабылады. Қызды бағып-қағып өсірген ата-анасына өлі-тірісі — көбіне қой немесе жылқы, ал шешесіне ана сүтінің ақысы ретінде қымбат тарту — алтын әшекей не жағалы сыйлайды. Сондай-ақ құда түсіп келген жақ түрлі тәтті-дәмді толтырып, сыртынан түрлі майда әшекей бұйым қадалған құдағи қоржын әкеледі.

Екі жақ құйрықтай жұмсақ, бауырдай жақын болайық деп, мың жылдық құдалықтың рәсімі есебінде бір-біріне құйрық-бауыр асатады.

Қазақ салтында сырға өзге елдердегі атастыру жүзігінің қызметін атқарады. Негізінен қыздың құлағына тазалық пен денсаулықтың нышаны деп күміс сырға салынады. Сырғаны күйеу жігіттің анасы не бір жасы үлкен, сыйлы апасы не жеңгесі салады.
Бұрынғы заманда атастыру мен той арасында көп жыл өтуі мүмкін еді. Өйткені бұрында ұл мен қызды бесікте жатқан кезінде, тіпті анасының құрсағында жатқан кезден атастырып қою салты болатын.
Оспанова Бақыт Ахметкалиқызы
Автор книг о казахских народных традициях, общественный деятель
Книга «Қош келдің, Әз-Наурыз!», гран-при «Международной Евразийской книжной выставки-2023» г.Астана и 1 место Международной книжной выставки стран СНГ «Искусство книги-2023», г.Москва.

Жоралғының жаңа мәні

Қазір қыз алатын жақ қалыңдыққа сырғадан да бөлек түрлі қымбат әшекей бұйымдар сыйлайды. Қыздың қалың малын да бұрынғы замандағыдай мал айдап әкеліп емес, жасауының өтемі есебінде ақшалай беретін болған. Кейде тіпті қалың мал бермей де құдаласу жағдайлары кездеседі. Қыздың құлағына күміс қана емес, асыл тастары бар алтын сырға салып, қыздың құны мен қадірін көрсетіп отыру бар.

Бұрынғы заманда қызға сырға салынған соң оны ұзатып кеткенге дейін бірнеше жыл өтуі мүмкін болса, қазір көбіне құдаласу да, сырға салу да дәл қыз ұзату тойының алдында жасалатын болған.
Қазіргі ұрпақ дәстүрдің рәміздік сипатын сақтай отырып, оған жаңа мән дарытып, заман ағымына бейімдей ұстанып келеді.
Оспанова Бақыт Ахметкалиқызы
Автор книг о казахских народных традициях, общественный деятель
Книга «Қош келдің, Әз-Наурыз!», гран-при «Международной Евразийской книжной выставки-2023» г.Астана и 1 место Международной книжной выставки стран СНГ «Искусство книги-2023», г.Москва.
Wishlist
Сырға
527 450 тг.
Ақ алтын, гауһар
Сырға
1 435 000 тг.
Сары алтын, гауһар
Сырға
870 200 тг.
Сары алтын
Сырға
1 404 650 тг.
Сары алтын, гауһар

Ұрпақтан ұрпаққа жеткен

Ұл-қыз өсіріп отырған әр ата-ана ұлын ұяға, қызын қияға қондырсам, жақсы жермен құда болсам дейді. Екі жас үйленгенде атқарылатын әр жоралғы екі жастың бақытына, үбірлі-шүбірлі, берекелі отбасы болсын деген ниетке баланады. Ата-баба дәстүрінен тамыр тартқан ғұрыптар құдаласып жатқан екі елдің өзара сыйластығының, мың жылға жалғасар құдалығының нышаны болып, басына бас қосылып, үмітіне үміт жалғанған екі әулеттің ақ тілегіне, батасына ұласады.
«Сырға салу» дәстүрі қазақ қауымында ұрпақтан ұрпаққа жетіп, таралып отырған.

Байқауға қатысу