Құдалық

Қазақ халқының құдалық салты туралы не білеміз

Құдалық деген не?

Қыз айттыру, құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, беташар, той сынды кезең-кезеңімен өтетін той жасау ғұрпының ең маңызды да жауапты кезеңі – құдалық.
Бұл — бірі қыз алып, бірі қыз беріп жатқан екі ел танысып, білісіп, бір-бірін жақын тартсын деп жасалатын рәсім.
Оспанова Бақыт Ахметкалиқызы
Автор книг о казахских народных традициях, общественный деятель
Книга «Қош келдің, Әз-Наурыз!», гран-при «Международной Евразийской книжной выставки-2023» г.Астана и 1 место Международной книжной выставки стран СНГ «Искусство книги-2023», г.Москва.
Wishlist
Сақина
1 536 100 тг.
Сары алтын, седеп, гауһар
Алқа
1 715 270 тг.
Сары алтын, седеп, гауһар
Сақина
955 000 тг.
Сары алтын, перуза
Сырға
1 518 000 тг.
Сары алтын, перуза

Құдалық қалай өтеді?

Ұл ержетіп, шаңырақ көтерер жасқа жеткенде, әке баласынан көздеген қызы бар ма деп сұрап, жоқ болса, өзі қалыңдық іздеуге кіріседі. Қыздың үйіне жаушы жіберіп, қыздың басы бос па деп сұратып алып, ата-анасы қызын беруге келісетінін білдірсе, жаушы сол үйге қарғыбау деп жылқы не азын-аулақ ақша тастап кететін. Жаушы жіберген жақ міндетін адал атқарып келді деп оған шапан жауып, сый-сыяпат көрсетеді. Содан кейін-ақ екі жақ та тойға дайындала бастайды.
Қыз айттыру — екі үйдің біреуі қызымды берем, біреуі қызыңды алам деп келісіп, сөз байласатын сәтті. Қазақта бесік құда (бесікте жатқан қызды айттырып қою) не бел құда (іште жатқан балаларды атастырып қою) дегендей дәстүр болған.
Оспанова Бақыт Ахметкалиқызы
Автор книг о казахских народных традициях, общественный деятель
Книга «Қош келдің, Әз-Наурыз!», гран-при «Международной Евразийской книжной выставки-2023» г.Астана и 1 место Международной книжной выставки стран СНГ «Искусство книги-2023», г.Москва.
Тойға дейінгі аралықта қыз көру, ұрын бару сынды жоралғылар жасалады. Ұрын барған күйеу қыздың ата-анасының көзіне түспей, қалыңдығымен жасырын жолығады. Қыз ауылынан алыстау жерге үй тігіліп, жеңгелері қызды сонда ертіп апарады. Күйеу атынан түсіп, жеңгелерге иіліп тәжім етеді. Содан кейін жастар танысып, табысады.
Wishlist
Сақина
4 340 850 тг.
Жёлтое золото, бриллиант
Сотуар
6 810 750 тг.
Жёлтое золото, бриллиант
Сақина
805 600 тг.
Сары алтын, раухтопаз, фианит
Сырға
1 064 550 тг.
Сары алтын, раухтопаз, фианит

Құда түсу мен құдалықтың айырмасы

Қыздың әкесі қызын беремін деп мақұлдаған соң, құйрық-бауыр тартылады. Құйрықтай жұмсақ, бауырдай жақын болайық деп, екі жақ бір-біріне құйрық-бауыр асатады. Бұл ғұрып «Күйеу — жүз жылдық, құда — мың жылдық» деп сөз байласудың рәсімі саналады.

Шаңырақ көтергелі отырған ұл мен қыздың әкелері бауыздау құда, өзге туыстардың бәрі құда болады, бұдан былай жігіт — күйеу, қыз — қалыңдық атанады. Құдаласу рәсімін екі құда төс қағыстырып, үлкендер құдалық берекелі болсын деп бата беріп аяқтайды.
Құда түсу мен құдалық – бір нәрсе емес. Алдымен кесімді күні қыз алатын жақ 5-7 кісі болып қыздың үйіне құда түседі. Қыз беретін жақ болашақ құдаларына арқан керіп, шашу шашып, әндетіп қарсы алып, дастархан төріне шығарады. Содан соң әзіл-шынын араластырып, бұйымтайын сұрайды. Бас құда өздерін таныстырып, қыз алмақ ниеті бар екенін айтады, жігіттің де, оның үйінің де мақтауын асырып, әулетінің тарихын айтады.
Оспанова Бақыт Ахметкалиқызы
Автор книг о казахских народных традициях, общественный деятель
Книга «Қош келдің, Әз-Наурыз!», гран-при «Международной Евразийской книжной выставки-2023» г.Астана и 1 место Международной книжной выставки стран СНГ «Искусство книги-2023», г.Москва.
Қыз алатын жақ қыз беретін үйге деген тарту-таралғысын қоржынға салып апарады. Қазақ дәстүрінде құда күтудің көңілді жоралғылары көп. Қыздың жеңгелері құда түсіп келген кісілердің алдынан құда тарту, киім тігу, арқан тарту, шапандарының шалғайын көрпеге тігіп тастау сынды әзіл жоралғы жасап, бәріне әзілдей жүріп сый алатын. Мұның бәрі ниет түзу, көңіл ашық екенін білдіру үшін жасалатын. Екі жақ киіт алмасып, бір-біріне ат мінгізіп, шапан жабады, әйелдер жағы әшекей сыйлап, келген қоржынды толтырып қайтарып, рәсімді аяқтайды.
Той жоралғыларының келесі кезеңі — сырға салу не үкі тағу болмақ. Сол жоралғының үстінде той күні белгіленіп, қыздың басы бос емес екенін, атастырылып қойғанын білдіретін рәсімдер жасалады.
Wishlist
Сақина
3 528 150 тг.
Сары алтын, цитрин, гауһар
Сырға
2 463 072 тг.
Сары алтын, седеп, гауһар
Сырға
1 002 150 тг.
Сары алтын
Сақина
1 601 550 тг.
Ақ алтын, гауһар

Біздің заманымыздағы құдалық

Бұрынғы заманда күйеудің әке-шешесі құдалыққа бармайтын. Қазір құда түсу мен құдалық бірге жасалып, оған екі жақтың ата-анасы да, көңіл жетер жақын-жұрағаты да түгел қатысады. Көбінесе қыздың сырғасы да сол құда түсу күні салынады.
Қазіргі заман талабына қарай той салты да өзгеріп, жаңарып жеткенімен, қызығы мен қуанышы, қосылған екі жасқа айтылатын тілек өзгерген жоқ.
Қазақ халқы екі жастың үйленуін екі елдің басы қосылуына балаған. Кезең-кезеңімен атқарылатын жоралғылар мен рәсімдер көп болатыны да сол — екі ел танысып, білісіп, етене жақын бола түссін деген ниеттен.

Участвовать в конкурсе